"Аршалы балалар музыка мектебі" Мемлекеттік Коммуналдық Казыналық кәсіпорын
Государственное Коммунальное Казенное предприятие Аршалынская "Детская музыкальная школа"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы

15.05.2026

 

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7 және 9-баптарына сәйкес:

дербес деректерді өңдеу тек заңды негіздерде жүзеге асырылуы тиіс;

дербес деректер тек нақты айқындалған және заңды мақсаттарда пайдаланылуы қажет;

төмендегілер қамтамасыз етілуі тиіс:

— дербес деректердің құпиялылығы;

— олардың тұтастығы мен сақталуы;

— заңсыз қол жеткізуден, таратудан, өзгертуден немесе жоғалтудан қорғалуы.

Білім беру ұйымдарының басшылары міндетті:

  • дербес деректерді қорғау бойынша заңнамада көзделген барлық ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдауға;
  • дербес деректердің ашық ақпарат көздерінде орналастырылуына жол бермеуге;
  • дербес деректер субъектілерінің келісімінсіз және заңды негіздерсіз үшінші тұлғаларға беруді болдырмауға;
  • ұйым қызметкерлерінің заңнама талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.

Естеріңізге саламыз, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 79-бабына сәйкес, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.  

                                                                                                                                               

Просмотров: 3228


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст